«Шын ба екен?»: Ақботанұр мен Әділет Жауғашардың некелескені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
Желіде екеуінің Умра қажылығында жүрген болуы мүмкін видео тарады

Танымал әнші, актриса Ақботанұр Сейітмағамбет пен белгілі әнші Әділет Жауғашардың некелерін қиғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде Ақботанұрдың орамал тағып, араб елдерінің бірінде Әділет Жауғашармен бірге жүрген видеосы жарияланды. Жуырда актрисаның Умра қажылығын өтеу үшін Сауд Арабиясына барғанын ескерер болсақ, бұл видео Мекке мен Медина қалаларының бірінде түсірілген деген болжам жасауға болады.
Сол сияқты кадрдан тойлардың бірінде Әділет Жауғашардың актрисаның маңдайынан сүйгенін байқауға болады.
Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір білдірді.
«Шын ба екен? Шын болса, қуаныштымын», «Ақбота, айналайын, бақытты болуға лайықты жансың», «Қазақтың айдай сұлу қызы Ақбота, бағың ашылсын», «Әр қыз бақытты болуы тиіс! Бақытың баянды болсын!», «Қайырлы неке болсын! Бақытты болсын!», «Ақбота да бақытты болсын, өте әдемі, өмірі де әдемі болсын!», «Жақсы жігіт сияқты, бақытты болыңдар!» - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Ақботанұр Сейітмағамбет пен бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловтың бір ұлы және бір қызы бар.
Ал Әділет Жауғашар былтыр «Қызық Times» бағдарламасына берген сұхбатында басы бос, бойдақ екенін айтқан болатын.