АҚШ-та Tesla автосалонына қарулы шабуыл жасалды
Олар оның иесіне хат қалдырған

АҚШ-тың Орегон штаты Салем қаласында белгісіз біреулер Tesla автосалонына қарулы шабуыл жасады. Шабуыл кезінде автосалонның терезелері мен бірнеше көлік зақымданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қаскөйлер Tesla шоурумының терезелеріне оқ атқан, содан кейін «Илонды өлтіріңдер» (Kill Elon) деген жазуы бар стикер жабыстырып кеткен.
Айта кетейік, 25 қаңтарда да осындай шабуыл болған еді. Бұған дейін белгісіз адамдар автосалонның терезелерін сындырған және сыртта тұрған Tesla көліктерінің бірін өртеген.
Жергілікті билік бұл шабуылдарды Илон Масктың саяси ұстанымдары мен X (бұрынғы Twitter) желісіндегі мәлімдемелерімен байланыстырып отыр. Тергеу жүргізілуде, алайда күдіктілер туралы ақпарат жарияланған жоқ.