$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Күйеуіңіз ұрып-соқса, өлең оқыңыз»: телебағдарламада қыз-келіншектерге кеңес берілді

Өлең ер адамның ашуын басады екен

«Күйеуіңіз ұрып-соқса, өлең оқыңыз»: телебағдарламада қыз-келіншектерге кеңес берілді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Өзбек телеарналарының бірінде күйеуінің зорлық-зомбылығына ұшырап, ақыры оны тастап кетуге мәжбүр болған әйелдің оқиғасы талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy UPL.UZ басылымына сілтеме жасап.. 

Бағдарлама барысында қонақтардың бірі, полиция қызметкері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ерекше тәсілді ұсынды.

Оның айтуынша, әйелдер ерлерге өлең оқуы керек, сол арқылы олардың агрессиясын бәсеңдетіп, сабырға шақыруға болады. Студиядағы өзге қатысушылар да бұл пікірді қолдап, өлең оқу – ер адамның әйеліне қол көтермеуіне ықпал етеді деген ой айтты.

«Қоғамның бұл пікірге реакциясы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуде байыпты әрі жауапты көзқарас қажет екенін тағы бір рет дәлелдейді. Құрбандарды қорғау және осындай жағдайлардың алдын алу үшін нақты механизмдер мен заңнамалық өзгерістер енгізу маңызды», – делінген сайт материалында.

Серіктес жаңалықтары