19.02.2025, 07:45
Жаңалықтар
Жаңаөзенде 1 миллион үшін енелер мен келіндер сынға түсті
Байқау кешінде Мөлдір Әуелбекова өнер көрсетті
Фото: видеодан кадр
Жаңаөзен қаласында жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан «Ене мен келін сыйластығы» байқауы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жобаның басты мақсаты – қазақи салт-дәстүрді жаңарту.
«Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, бас жүлдеге 1 миллион теңге, бірінші орынға 500 мың теңге, екінші орынға 300 мың теңге берілсе, үшінші орын алған ене мен келін 200 мың теңгеге ие болды», – делінген Taspanews жазбасында.
Кеште Мөлдір Әуелбекова ән салып, жеңімпаздарды құттықтады.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
