$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО тұрғыны Таулы Қарабақта әскери борышын өтегенін сот арқылы дәлелдеді

Енді ол ардагерлерге тиісті жеңілдіктерді ала алады

БҚО тұрғыны Таулы Қарабақта әскери борышын өтегенін сот арқылы дәлелдеді
Фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Таулы Қарабақтағы бітімгершілік миссиясына қатысқанын дәлелдеп, ардагерлік мәртебе мен жеңілдіктерге қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Ол 1989 жылдың 14 желтоқсанынан 1991 жылдың 23 мамырына дейін №09321 әскери бөлімінде борышын өтеген. Архив деректеріне сәйкес, аталмыш әскери бөлім Армения аумағында орналасып, сол кезеңде Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысқан.

Алайда Ресей Қорғаныс министрлігінің архивтік анықтамасында оның әскери қимылдарға қатысқаны туралы мәлімет болмаған. Сол себепті ер адам сот арқылы өз құқығын дәлелдеуге мәжбүр болды. Сот оның әскери билеті, архивтік құжаттар, куәгерлердің айғақтары және өзге де дәлелдер негізінде бітімгершілік миссиясына қатысқанын растады.

Нәтижесінде арызданушы ресми түрде бітімгер ардагері деп танылып, тиісті жеңілдіктерді алуға құқылы болды.

Серіктес жаңалықтары