$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Үйде жатқың келе ме?»: Роза коуч жұмыссыз жүрген жастарға ұрысты

Белгілі коуч жастардың жұмыссыздық мәселесін көтерді

«Үйде жатқың келе ме?»: Роза коуч жұмыссыз жүрген жастарға ұрысты
Фото: видеодан кадр

Роза Әшірбаева жұмыс істегісі келмей, тегін дүниеге құмар жастарды сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сендер бір жұмысты тозақ сияқты көресіңдер. Қабақтарың түйіліп, жынданып. Сонда қалауың не? Үйде жатқың келе ме? Біреу саған бәрін тегін әкеліп беру керек пе? Не деген қайыршылық, жатақ мінезділік? Ондай адамдарға тегін болса болды, тамағынан бәрі өтеді», – деді Роза Әшірбаева. 

Желі қолданушылары коучтың сөзін әзіл деп қабылдаса, кейбірі жұмыс берушілердің қатал талаптарына шағымданды.

«Қазір жұмыс берушілердің талабы қатты, бірақ айлығы оған татымайды», «Ренжімеңіз, бірақ ауруханаға күліп бара алмайды екенмін», «Барлық тірлік бір өзінің мойынында болғаннан шығар, жұмысқа рахаттанып бара алмайды», – деп жазады пікір білдірушілер.

Серіктес жаңалықтары