$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау тұрғыны тападай тал түсте қызды көлігіне басып, алып қашқан (ВИДЕО)

Қыз арыз жазудан бас тартқан

Атырау тұрғыны тападай тал түсте қызды көлігіне басып, алып қашқан (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Атырауда көшеде айғайлап жатқан қызды көлікке күштеп мінгізген сәтін куәгер видеоға түсіріп, полицияға хабарлаған. Соның арқасында күдікті ізін суытпай ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті – 22 жастағы жергілікті тұрғын, ал жәбірленуші оның құрдасы. Алайда қыз арыз жазудан бас тартып, ешқандай талап қоймаған.

Дегенмен жігітке «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Статистикаға сүйенсек, Атырау облысында «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық істер сирек тіркеледі.

2023 жылы Жылыой аудандық полиция бөлімінде осы бап бойынша екі қылмыстық іс қозғалған. Екеуі де отбасын құру мақсатында қыз алып қашуға қатысты болған, бірақ кейіннен қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталмағандықтан, іс жабылған.
2024 жылы дәл осы бап бойынша облыста бір ғана қылмыстық іс тіркелген.

Серіктес жаңалықтары