18.02.2025, 22:20
Жаңалықтар
Рамазан айы Наурыз меркесімен тұспа-тұс келді: діни күндер кестесі бекітілді
Ораза айт – 30 наурыз.
Фото: istockphoto.com
2025 жылғы діни күндер кестесі бекітілді: Рамазан айы Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті.
2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда басталады, ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түседі. Ораза айт 30 наурызда өтсе, Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.
Діни басқарма мамандары ай күнтізбесіне байланысты бұл күндер жаңа айдың көрінуіне қарай бір күнге өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
Сондай-ақ кез келген облыс, қала немесе ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін жоғары сапада PDF форматында muftyat.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Көп оқылған
10.09.2026, 14:21
«Әпкеңді ұрамын және ұра беремін»: Ақтөбеде экс-полицей жездесіне оқ атқаны үшін 10 жылға сотталды
10.09.2026, 12:57
Балқашта танысын пышақтап өлтіріп, тағы бір серігіне шабуыл жасаған ер адам 22 жылға сотталды