$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Не үшін жалақы алып отыр?»: Шымкент әкімінің орынбасары білім сапасының төмендігін сынға алды

Қала бойынша білім сапасы небәрі 48 пайыз

«Не үшін жалақы алып отыр?»: Шымкент әкімінің орынбасары білім сапасының төмендігін сынға алды
Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаладағы білім сапасының төмендігіне назар аударып, мұғалімдерді сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шымкентте 37 мың педагог жұмыс істейді, олардың 91 пайызы – жоғары санатты (зерттеуші, магистр, т.б.) мұғалімдер. Бірақ білім сапасы небәрі 48 пайыз. Бұл көрсеткішті мұғалімдер өздері белгілейді, өйткені «Күнделікке» бағаны өздері қояды. Ал тестілеу кезінде одан да төмен нәтиже көрсеткен мектептер бар», – деді Сәрсен Құранбек.

Оның айтуынша, Шымкент қаласының бюджетінен білім саласына, соның ішінде мұғалімдердің жалақысына 240 млрд теңге бөлінген.

«Сонда біз жоғары санатты мұғалімдерге не үшін жалақы төлеп отырмыз? Егер жалақы санат бойынша емес, білім сапасының нәтижесіне қарай төленсе, 240 емес, 220 немесе 200 миллиард теңге жұмсар едік. Ал үнемделген қаражатқа қанша мектеп салуға болар еді? Сондықтан біз мектеп директорларынан сапалы білім талап етеміз», – деді қала әкімінің орынбасары.

Серіктес жаңалықтары