Елдің сөзіне қалған Сәкен мен Мәдина дуэт болып, ән шығарды

Автор: Дәуренқызы Алма

Әннің атауы – «Сенсіз маған»

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Жақын арада өтетін Сәкен Майғазиевтің 50-жылдық кешінде Мәдина Сәдуақасова да өнер көрсететін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Мәдина Сәдуақасова өзінің Instagram-дағы парақшасында жаңа әннің жарық көргенін хабарлады. Оны дуэт болып Сәкен Майғазиевпен орындайды.

«Айтпақшы, дуэт кіммен? Сәкешпен! Ән күшті, жүректерді қозғайды. «Сенсіз маған» деп аталады», – деп жазады әнші.