Ұлытау облысындағы шахтада апат: 7 адам үйінді астында қалып қойды
Авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр

2025 жылғы 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға қарасты «Жомарт» кенішінде шахтада тау массасы опырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құлаған аймақта шахтаның 7 қызметкері қалып қойды. Қазіргі уақытта «АСС Сериктес» ЖШС құтқару бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Оқиға орнына Ұлытау және Қарағанды облыстарының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) қызметкерлері, кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен Қазақстан ТЖМ психологтары жіберілді», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығы мен Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар құрылып, жұмыс істеп жатыр. ТЖМ тарапынан «жедел желі» іске қосылды: 8 (7271) 55-96-21.
Апаттың мән-жайы анықталуда.