17.02.2025, 12:39
Жаңалықтар
Екібастұзда сауда орталығының төбесі опырылып түсті: полиция қылмыстық іс қозғады
Қазіргі оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр
Фото: Видеодан скрин
Екібастұзда сауда орталығының төбесі опырылып түсуіне байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазіргі оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.
«Полиция қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», - делінген Павлодар облысы Полиция департаменті.
Айта кетейік, осыған дейін Екібастұзда сауда орталығының төбесі опырылып, 5 адам жараланғаны хабарланған болатын.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды