16.02.2025, 20:07
Жаңалықтар
Екібастұзда сауда орталығының төбесі опырылып, 5 адам жарақат алған (ВИДЕО)
Зардап шеккендер жоқ
Фото: видеодан кадр
Екібастұздағы Мұхтар Әуезов көшесінде орналасқан «Maxi Mall» сауда орталығының төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«16 ақпан күні сауда орталығында төбе құлағаны туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар келген кезде үшінші қабаттағы аспалы төбенің 150 шаршы метр аумақта опырылғаны анықталды», – деді Павлодар облысы ТЖД 6-ӨСБ бастығының орынбасары Асхат Амангелдиев.
Қазір оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Жаңа ақпаратқа сәйкес, Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөлмесіне 5 адам өз бетінше жүгінді, оның ішінде үш кәмелетке толмағандар 2008, 2009 жылы туылған. Ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.
Оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін сауда үйі жабылды.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
Бүгін, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)