$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда күдіктіні азаптап, кінәні мойындатпақ болған екі полицей шартты түрде ғана сотталды

Алматыда полиция қызметкерлері азаптағаны үшін сотталды

Алматыда күдіктіні азаптап, кінәні мойындатпақ болған екі полицей шартты түрде ғана сотталды
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласында ұрлыққа байланысты күдіктіні мойындату үшін азаптау әдісін қолданған екі полицей шартты түрде ғана сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкімді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокуроры тергеп-тексерді.

«2023 жылы 29 наурызда кінәлі полиция қызметкерлерінің туысының пәтерінде, жеткізілген азаматқа қатысты оған бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату мақсатында азаптаулар қолданылғаны дәлелденді.

Полицияның заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге тән азабы келтірілген.

Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыларға 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Сотталғандар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді», - делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратураның ұсынуы бойынша қарамағындағылардың қызметіне бақылаудың жоқтығы және қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 10 полиция қызметкері, оның ішінде 5 құрылымдық бөлімше басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Серіктес жаңалықтары