16.02.2025, 10:37
Жаңалықтар
Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер осыған байланысты тұрғындарға ескерту жасады
Фото: © istockphoto.com
16 ақпанда Алматы, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында ауа сапасының нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық жағдайлар аталған қалаларда ластанған ауаның таралуына қолайсыз болады. Осыған байланысты тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:
- Ашық ауада, әсіресе автожолдар мен өндірістік нысандардың жанындакөп уақыт өткізбеу;
- Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
- Созылмалы өкпе, жүрек-қантамыр және аллергиялық аурулары бар адамдардалаға шыққанда қажетті дәрілерін өзімен бірге алып жүруі тиіс;
- Дене жүктемесін шектеу, ашық алаңда спортпен айналысудан гөрі, жабық кешендерде жаттығу ұсынылады.
Сарапшылар ауа сапасының нашарлауы денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Көп оқылған
14.02.2026, 14:38
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қанша сыйақы алады
14.02.2026, 11:40
Олимпиада-2026: бүгін 17 отандасымыз жарыс жолына шығады
14.02.2026, 17:08
Елімізде бірқатар цифрлық қызмет уақытша қолжетімсіз болады
14.02.2026, 16:42
Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады
14.02.2026, 18:03
Көшкін қаупі жоғары: құтқарушылар Алматы тұрғындарына ескерту жасады