16.02.2025, 10:06
Жаңалықтар
«Анама тіл тигізді»: ағасын балталап өлтірген ер адам 15 жылға сотталды
Жәбәрленуші мас күйінде ата-анасының үйіне келіп, анасын қорлаған
Фото: © istockphoto.com
Өзбекстанда ер адам туған анасын қорлағаны үшін ағасын балталап өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Nova24 порталына сілтеме жасап.
«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, жәбірленуші мас күйінде ата-анасының үйіне келіп, анасын қорлаған. Оның туған інісі бұл әрекетке шыдамай, ашуға булығып, балта алып, бірнеше соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», — делінген хабарламада.
Денау аудандық соты айыпталушыны Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша кінәлі деп таныды. Бұл бап «шарасыз күйдегі адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтіру» әрекетін қарастырады.
Сот үкімі бойынша, ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады