15.02.2025, 17:19
Жаңалықтар
Қостанай облысында қар құрсауында қалған үш адам құтқарылды
Жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж болмады
Фото: ТЖМ
Қостанай облысында қарға қамалып қалған үш адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Арқалық – Жезқазған тас жолында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Көлікте үш адам болған. Олар өздігінен шығуға қауқарсыз болғандықтан, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көмекке келген», — делінген хабарламада.
Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, көлікті қардан шығарып, қауіпсіз жерге дейін жеткізді. Абырой болғанда, жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)