$ 497.89  520.89  5.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында қызмет бабында қаза болған полицейдің жаназасы өтті (ВИДЕО)

Марқұмның ата-анасына ҚР ІІМ-нің «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқаны үшін» медалі табысталды

Жамбыл облысында қызмет бабында қаза болған полицейдің жаназасы өтті (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Жамбыл облысында қызмет бабында қаза болған полицейдің жаназасы өтіп, жақындары ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаназаға марқұмның отбасы, ағайын-туыстары, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, бірге қызметте болған әріптестері мен достары қатысты.

Қоштасу жиынында Абай Үшкемпірге қайтыс болғаннан кейін ҚР ІІМ-нің «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқаны үшін» медалі ата-анасына табысталды.

Сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл хаттары оқылып, қайғыға ортақ екендігі және марқұмның отбасына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау жасалатыны жеткізілді.

«Әріптесіміздің қызмет барысында, кенеттен қаза болуына байланысты суық хабар баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Жас болса да өңірдегі қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық тәртіпті қадағалауда өлшеусіз өз үлесін қоса білген азаматтың әлі де халыққа берер пайдасы мол еді. Артында қалған отбасы, кішкентай қызына әрқашан қолдау жасап, қамқор боламыз деп сенім білдіремін. Батырдың жарқын бейнесі мен абыройлы есімі әрдайым жадымызда сақталады», — деп Б.Малыбаев қаза болған әріптестерінің жақындарын сабырға шақырып, көңіл білдірді.

Полиция қызметкерінің жаназасы өз туған жері – Айша бибі ауылында өткізілді.

Айта кетейік, 11 ақпан күні Жамбыл облысында патрульдік полиция қызметкері жол апатынан көз жұмғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары