$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.08.2019, 17:29
Жаңалықтар

Түркістанда 700-ге жуық отбасы баспаналы болды

Жаңа пәтерге қоныстанғандар - әлеуметтік аз қамтылған және тұрғын үйге мұқтаж азаматтар

Түркістанда 700-ге жуық отбасы баспаналы болды
Фото kapital.kz

Конституция күні қарсаңында Түркістан қаласында 660 отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пәтер кілттерін табыстап, тұрғындарды мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды «Azattyq ruhy» тілшісі.

Жаңа пәтерге қоныстанғандар -  кезекте тұрған халықтың әлеуметтік аз қамтылған және тұрғын үйге мұқтаж санатына жататын азаматтар.                        

Жаңа баспана иелеріне 5 қабатты 11 тұрғын үй берілді. Түркістанда жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Отырар» шағынауданында салынған бұл үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз жалға берілген. Аталмыш көпқабатты тұрғын үйлердің инфрақұрылымдары толықтай ретке келтірілген.

Жаңа шағынауданда құрылыс жұмыстары қарқынды. Дәл қазір мұнда 90-ға жуық көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Жергілікті билік өкілдері жыл аяғына дейін тағы 5 қабатты  9 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлап отыр. 

Серіктес жаңалықтары