Коронавирус: Еуроодақ дағдарыспен күреске 750 млрд еуро бөлмек
Еуропа елдері рекордты қаражат экономиканы қалпына келтіреді деп сенеді
Еуроодақ өз тарихындағы ең үлкен дағдарыспен күреске 750 млрд еуро жұмсауға дайын. Олар бұл қаражат әлемдегі ең ірі саяси одақтың бірлігі мен экономикасын қайта қалпына келтіреді деп сенеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
«Бұл тамаша жоспар. Бірқ оны 27 мемлекет бекітуі керек. Сонымен қатар бұл қаражаттың қалай бөлінетіні де үлкен мәселеге айналмақ. Қалпына келу үшін ұзақ уақыт керек. Ал ақша дәл қазір қажет», - деді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен.
Еуропа - АҚШ-тан кейінгі әлемдегі ең ірі экономика. Ал триллиондаған дағдарысқа қарсы шығын одақтың экономикасын нығайтуға септеспек.
Айта кету керек, дағдарыс алдында Еуроодақ азаматтарын, бизнес пен мүше мемлекеттерді қолдау үшін шұғыл түрде жарты триллион еуро жинаған еді. Ал 750 млрд еуро дағдарыс салдарымен күресуге бағытталмақ. Оның 500 млрд еуросы грант ретінде үйсіздерге беріліп, қалған 250 млрд-ы қарызға беріледі деп жоспарланып отыр.