28.05.2020, 01:29
Жаңалықтар
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5,6 миллионнан асты
Коронавирустан қайтыс болғандар саны - 352 мың 566
Фото: ашық дереккөзден
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5,6 миллионнан, індеттен қайтыс болғандар саны 352 мыңнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
Әлем бойынша коронавирусты 5 601 231 адам жұқтырған. Індеттен 352 566 адам қайтыс болды.
COVID-19 бойынша алғашқы бестікте тұрған мемлекеттер:
- АҚШ - 1,6 млн адам жұқтырып, 98 мыңнан астам адам қайтыс болды
- Ұлыбритания - 265 мың адам жұқтырып, 37 мың адам көз жұмды
- Италия - 230 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 32 955 адам қайтыс болды
- Франция - 145 555 адам жұқтырып, 28 500 адам көз жұмды
- Испания - 236 мың адам жұқтырып, 27 мың адам қайтыс болды.
Айта кету керек, Қазақстанда 9304 адам коронавирус жұқтырған. 4700-ден астам адам жазылып шықты. Індеттен 37 адам қайтыс болды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты