12.02.2025, 20:52
Жаңалықтар
«Челси» саған қызығып отыр»: Дастан Сәтпаев шақырту алған сәт туралы айтты (ВИДЕО)
Футболшының айтуынша бұл сәтті оған әкесі мектепте жүргенінде жеткізген
Фото: instagram/kff_jastar
Жуырда ғана Алматының «Қайратынан» Лондонның «Челсиіне» ресми түрде ауысқан Дастан Сәтпаев шетелдік клубтан шақырту алған сәт туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Футболшының айтуынша бұл сәтті оған әкесі мектепте жүргенінде жеткізген.
«Есімде, сол күні мектепте болатынмын. Әкем хабарласып, Қайрат Советаевұлымен (ред. – Боранбаев) «Челси» туралы әңгімелескенін айтты. «Челси» саған қызығушылық танытып отыр дейді. Сол күннің ертеңінде демалыс болатын. Үйге барғанымда бір аптадан соң Лондонға «Челсидің» қаралымына баратынымды айтты», - дейді Дастан Сәтпаев.
Айта кетейік, отандасымыз бірнеше күн бұрын ағылшын ұжымына ресми түрде ауысқаны хабарланған болатын.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады