$ 501.31  520.11  5.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Парақорлардан қайтарылған 63 млрд теңгеге Абай облысында мектеп, аурухана, балабақша салынатын болды

Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлінді

Парақорлардан қайтарылған 63 млрд теңгеге Абай облысында мектеп, аурухана, балабақша салынатын болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Жемқорлардан қайтарылған қаражат есебінен Абай облысында Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемделген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

«Үкімет Семей қаласындағы 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді, бұл азаматтарды сапалы медициналық көмекпен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар 13 нысанның құрылысына шамамен 59,4 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысындағы Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай, Ұлытау облысындағы Мыңадыр және Қаражал ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола және Алматы облыстарындағы Зеренді және Жалағаш ауылдарындағы спорт кешендері, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана, Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.

Сонымен қатар «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңда көзделген субъектілердің қаражаты есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астана қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізілуде», - делінген Үкімет хабарламасында.

Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыс жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары