12.02.2025, 09:56
Жаңалықтар
2009 жылы адам өлтіріп, содан бері жасырынып жүрген: күдікті Шымкентте ұсталды
Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген тұлға ұсталды
Фото: istockphoto.com
2009 жылы адам өлтіріп, жасырынып жүрген күдікті Шымкентте қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық прокуратура мәліметінше, Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға ұсталды.
«Атап айтқанда, 2009 жылғы 9 қаңтарда «Астория» кафесінің жанында «А» есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмысты жасап, тергеуден жасырынған.
Қылмыскер 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген прокуратура хабарламасында.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады