Бұл бес жасар балаға шабуыл жасамақ болғанға дейінгі оқиға болуы мүмкін
Астанада 5 жасар баланың бетін тілгілеп тастаған жасөспірім лифтіде тағы бір қыз балаға шабуыл жасамақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып кетті. Кадрда жасөспірімнің лифтімен төмен түспек болған қыз балаға кедергі жасап тұрғанын, артынша ас үй пышағын аяқ киімінің арасынан шығарып жатқанын көруге болады.
Жасөспірім қыз балаға шабуыл жасамақ болған. Бірақ қуанышқа орай, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған бала өз еркімен кетіп қалып, кішкентай қыз аман-есен құтылып кетті.
Бұл бес жасар балаға шабуыл жасамақ болғанға дейінгі оқиға болуы мүмкін.
Айта кетейік, бүгін Астанада адам шошырлық оқиға болды. Көпқабатты үйлердің бірінде 14 жастағы жасөспірім қолындағы пышақпен лифтіде тұрған 5 жасар балаға шабуылдап, бетін тілгілеп тастаған. Жасөспірімнің заңды өкілі жауапқа тартылып, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.