11.02.2025, 22:20
Жаңалықтар
Алматы облысында 1500-ден астам отбасыда зорлық-зомбылық болғаны анықталды
Олардың бәрі қазір Отбасыларды қолдау орталығында тіркеуде тұр
Фото: istockphoto.com
Алматы облысында қазіргі уақытта 1535 отбасында зорлық-зомбылық болған анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, олардың бәрі қазір Отбасыларды қолдау орталығында тіркеуде тұр.
Қиын жағдайға тап болғандарға мынандай көмек көрсетілді:
- Құқықтық мәселелер – 204 адам;
- Әлеуметтік мәселелер – 455 адам;
- Психологиялық көмек – 192 адам;
- Демеушілердің жеке қолдауы – 686 адам.
«Орталық жұмысының барлық уақытында 8 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша көмек сұрады. Егер ана мен бала ерекше қиын отбасылық жағдайда болса, оларды тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына Алматы облыстық әлеуметтік көмек көрсету орталығына жібереді», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)