$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында былтыр 244 адам жайылымда жүрген малынан айырылып қалған

Бүгінге дейін 166 адам ғана ұрланған малын қайтарып алған

Алматы облысында былтыр 244 адам жайылымда жүрген малынан айырылып қалған
Фото: istockphoto.com

Алматы облысында былтыр 244 адам жайылымда жүрген малынан айырылып қалғаны анықталды. Ал бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 296 мал ұрлығы тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, мал ұрлығының ең көп тіркелген аймағы – Жамбыл ауданы және мал шаруашылығы қарқынды дамыған өңірлер. Сонымен қатар, мал ұрлығына байланысты қылмыстардың ашылу деңгейі де тұрақты түрде өсіп келеді.

«Талдау көрсеткендей, ұрлықтың басым бөлігі малдың қараусыз, бос жайылымдардан жоғалуы жиі болады. Осыған орай, Алматы облысының полициясы мал иелеріне қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынады. Атап айтқанда, қоршалған жайылымдарды пайдалану, түнгі кезекшілік ұйымдастыру және бейнебақылау жүйелерін орнату қажет.

Полиция мал ұрлығының алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Сонымен қатар, «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу шарасы жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2024 жылы ұрланған 166 бас мал заңды иелеріне қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары