Сирена қосылып, балалар эвакуацияланған: Ақтаудағы мектепте атыс болды ма
Ақтаудағы мектептердің біріндегі оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді
![Сирена қосылып, балалар эвакуацияланған: Ақтаудағы мектепте атыс болды ма](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/10/67aa58ae8707b818902707.jpeg)
Ақтауда 14 шағын аудандағы №1 мектепте атыс болғаны, оқушылардың эвакуацияланып жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, мұндай хабарлама редакцияға қала тұрғындарынан түскен.
«Полиция қызметкерлері бомба қаупі туралы ақпаратты қайта тексерді. Оқиға орнына полицейлер барды. Ешқандай атыс болған жоқ. Мектеп директоры балаларды эвакуациялау туралы шешімді өз бетінше қабылдаған», - деп хабарлады полициядан.
Бұл оқиғаға мектеп директоры да түсініктеме берді, оның айтуынша, ол оқушыларды эвакуациялау туралы шешімді полиция келгеннен кейін қабылдаған.
«Мектепте сирена қосылды, содан кейін балалар эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері мен кинолог білім беру мекемесінің әжетханалары мен жертөлелерін тексерді. Жедел іс-шаралар 15 минутта аяқталды, ештеңе табылған жоқ», - деп түсіндірді директор.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес, жоспарланған лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлау - 5 мың АЕК (17 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.