Оралда трансвестит қыз баламен төбелесіп, «таяқ жеп» қалды: полиция мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Видеоға мән берсек, трансвестит көбірек зардап шеккенін байқауға болады
![Оралда трансвестит қыз баламен төбелесіп, «таяқ жеп» қалды: полиция мәлімдеме жасады (ВИДЕО)](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/10/67aa2a8883444281279657.jpeg)
Оралда қыз бала мен трансвестит төбелескені туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде таралған видеоға мән берсек, трансвестит көбірек зардап шеккенін байқауға болады.
Полиция қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін бұзғандар жауапқа тартты
«2025 жылғы 7 ақпанда түнгі сағат 3-те мейрамханаға қарама-қарсы Төле би көшесін патрульдеу кезінде Орал қаласы ПБ патрульдік полициясының қызметкерлері қоғамдық тәртіптің бұзылғанын байқады. Қоғамдық орында мас күйінде болған және азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан қыз бала болды.
Қыз бала ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ал басқа құқық бұзушы жаяу жүргіншілердің жол ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген БҚО ПД хабарламасында.