Ақмола облысының бірнеше ауданын су басуы мүмкін
Вице-министр су басуы мүмкін тұстарды тексерді
Ақмола облысының бірнеше ауданын су басу қаупі туындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев өңірдің су тасқыны қаупі бар учаскелерін тексерді.
Ведомство мәліметінше, су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық аясында Кеген Тұрсынбаев Ақмола облысында орналасқан елордалық агломерацияны тексерді.
Жұмыс сапары барысында ол Аршалы және Целиноград аудандарында болып, негізгі гидротехникалық құрылыстарды аралап, ықтимал су тасқынына дайындық деңгейін бағалады.
«Су тасқынына қарсы іс-шаралар барлық қызметтің уақытылы және үйлесімді жұмысын талап етеді. Басты міндет – халық пен инфрақұрылымға төнетін қауіп-қатерлерді барынша азайту. Барлық қажетті инженерлік құрылыстардың ықтимал су тасқынына, ал шұғыл қызметтердің – жедел ден қоюға дайын болуы маңызды. Біз жағдай мониторингін жалғастырамыз және жергілікті жерлерде іс-қимылды үйлестіреміз», - деп Кеген Тұрсынбаев атап өтті.