$ 506.43  522.43  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда былтыр 565 адам кісі қолынан қаза болды – ІІМ

1997 жылы адам өлтірудің 2594 фактісі тіркелген

Қазақстанда былтыр 565 адам кісі қолынан қаза болды – ІІМ
Фото: istockphoto.com

Ішкі істер министрі Ержан Саденов қоғамдық кеңес мүшелеріне еліміздегі криминогендік жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство басшысының айтуынша, қылмыс деңгейі 102 мыңға дейін немесе 11%-ға төмендеді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 12 700 қылмысқа аз тіркелді.

«90-шы жылдарды қарайтын болсақ, ол кезде қылмыс саны 200 мыңнан асатын. Бірақ біз мұнымен тоқтамаймыз. Нөлдік межеге жетуді мақсат етіп отырмыз», - деді министр.

Polisia.kz мәліметінше, 1997 жылы адам өлтірудің 2594 фактісі тіркелсе, өткен жылы 565 факті болды. Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар қоғам қауіпсіздігіне ерекше қауіп тудырады. Егер 30 жыл бұрын бір жыл ішінде тіркелген осындай қылмыс саны 1,5 мыңға жетіп отырса, былтыр бұл көрсеткіш 118-ге дейін төмендеді. Топтасып жасалған қылмыстар бойынша да оң динамика байқалады.

1992 жылы Қазақстанда 18928 осындай қылмыс тіркелсе, 1994 жылы олардың саны 24712-ге жеткен. Бұл кезең құқық қорғау органдары үшін ең қиын уақыттардың бірі болды. Қылмыстық топтар белсенді әрекет етіп, оларға қарсы күрес көп күш талап етті. Алайда соңғы жылдары олардың саны айтарлықтай азайды. 2024 жылы топпен жасалған қылмыстар саны 5588-ді құрап, 4,5 есе төмендеді.

Серіктес жаңалықтары