10.02.2025, 14:17
Жаңалықтар
«Үлкен бір арманым бар»: Қайрат Нұртастың жұбайы алдағы жоспарын айтты
Ол театр саласын дамытқысы келетінін айтты
Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алға қойған жоспары, арманы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақырын жүріп, анық басуға тырысамын. Тұрақты оқырманымнан, жақындарымнан жасырмайтын үлкен бір арманым бар. Кеудемде жаным барда, жүректе арман барда, ой мен санам тұнық кезінде ұстанатын бағытым бар. Ол еліміздің барлық өңіріндегі театр саласына өз деңгейімде үлес қосу», - дейді актриса.
Ондағы мақсаты:
- Облыс, аудан, аймақ, ауыл сахналарында өнер көрсету арқылы, сол мекендегі сала проблемаларына жауаптылардың назарын аударту;
- Алматы, Астана секілді үлкен қалалардағы қойылымдарды көруге мүмкіндік ала бермейтін аймақтық ағайынға ойлы қойылымдар ұсыну;
«Иә, «Жалғыздың үні шықпас!» дерсіз? Бірақ біз болмасақ кім жасайды? Қазір болмаса қашан?» - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты