10.02.2025, 08:16
Жаңалықтар
Баян Мақсатқызының сіңлісі жақында қайтыс болған күйеуіне ән арнады
Продюсердің күйеу баласы бірнеше күн бұрын қайтыс болды
Фото: Instagram/bagym_m
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының сіңлісі Бағым Мұхитденова жуырда қайтыс болған күйеуіне арнап ән шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаралы хабарды осыған дейін продюсер Instagram парақшасында жариялаған.
Бағым Мұхитденова күйеуі Әділжан Юсупов туралы бірауыз ойын жеткізді:
«Біздің соңғы рет бірге түскен фотомыз. 23 жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Осы әнді саған ғана арнап орындауым ұнайды деп ойлаймын» - деп жазды Бағым Мұхитденова.
Ал Баян Мақсатқызы марқұм күйеу баласы туралы былай деп естелік жазған:
«Сен жақсы адам, дос, күйеу, әке бола білдің. Біз сені жақсы көреміз. Кеудемізде жүрегіміз соғып тұрғанша сені ұмытпайтын боламыз. Иманды бол», - деп жазған еді продюсер.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
