$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Автобуста мас ер адам 12 жастағы балаға тиісіп, оны сүймек болған

Ол баланы автобустан шығармай, оған қоқан-лоқы көрсеткен

Автобуста мас ер адам 12 жастағы балаға тиісіп, оны сүймек болған
Фото: © istockphoto.com

Ташкентте 35 жастағы мас ер адам қоғамдық көлікте 12 жастағы балаға тиісіп, оны ұстап алып, сүймек болған. Бұл оқиға 4 ақпанда Чиланзар ауданында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Nova24.uz басылымына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерде тараған видеода мас адамның баланы автобустан шығармай, оған қоқан-лоқы көрсеткені анық көрінеді. Бала айналасындағылардан көмек сұраған, алайда жолаушылар мен жүргізуші бастапқыда ешқандай әрекет етпеген. Кейіннен тәртіп бұзушыны автобустан түсіріп тастаған», — деп жазады басылым.

Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, балалар омбудсмені бұл жағдайды өз бақылауына алды. Құқық қорғау органдары да іске араласып, күдіктіні ұстады. Оған қатысты Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 129-бабы («Кәмелетке толмағанға қатысты азғындық әрекеттер жасау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары