08.02.2025, 14:48
Жаңалықтар
Каспий теңізінде тағы да жер сілкінісі тіркелді
Жер сілкінісінің эпицентрі Ақтау қаласынан 326 шақырым қашықтықта орналасқан
Фото: © istockphoto.com
Каспий теңізінде кезекті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Әзербайжанның Ұлттық ғылым академиясына қарасты Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, бұл Каспий теңізінде тіркелген бесінші жер сілкінісі.
Жер сілкінісінің деректері:
- Күні: 7 ақпан
- Уақыты: 04:17 (жергілікті уақыт)
- Тереңдігі: 39 километр
- Магнитудасы: 3,1
Жер сілкінісінің эпицентрі Ақтау қаласынан 326 шақырым қашықтықта орналасқан.
Координаттары:
- Ендік: 40°45′36″
- Бойлық: 51°36′0″
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды