$ 524.24  612.94  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қолма-қол ақшаға көлік алғаны үшін айыппұл салынды

Көлік құнының 30%-ын айыппұлға жұмсауға тура келді

Қолма-қол ақшаға көлік алғаны үшін айыппұл салынды
Фото: istockphoto.com

Ресейлік әйел шетелдіктен қолма-қол ақшаға көлік сатып алғаны үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РБК-ға сілтеме жасап.

Әйел 2023 жылдың сәуірінде Kia Sorento маркалы 2016 жылғы кроссоверді 2,85 миллион рубльге сатып алған. Көліктің иесі – Қырғызстан азаматы, яғни Ресейдің салық резиденті емес. Тараптар есеп айырысуды қолма-қол ақшамен жүргізген.

Алайда арада бір жарым жыл өткен соң, оған Федералдық салық қызметінен шағым келіп түскен. Ведомство оның әрекеті «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңды бұзғанын алға тартқан. 

Заңға сәйкес, мұндай мәмілелер тек уәкілетті банктегі есепшот арқылы жасалуы керек.
Өз түсініктемесінде әйел заң талаптарын білмегенін айтқан. Дегенмен ФНС оған мәміле сомасының 30 пайызы көлемінде айыппұл салған, яғни 855 мың рубль төлеуге міндеттеген.

Серіктес жаңалықтары