Жетісу облысында ірі көлемде есірткі сақтаған ер адам 15 жылға сотталып кетуі мүмкін (ВИДЕО)
Панфилов ауданында 21 жастағы ер адам қолға түсті
Жетісу облысының Панфилов ауданында ірі көлемде есірткі сақтаған ер адам 15 жылға сотталып кетуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Панфилов ауданында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Түркістан облысының 21 жастағы тұрғыны заңсыз есірткі сақтау ісімен айналысқаны анықталды.
Тінту кезінде күдіктіден жалпы 111 орам есірткі тәркіленді:
- 21 орам a-PVP психотроптық заты оның сырт киімінің қалтасынан,
- 90 орам барсеткасының ішінен табылды.
«Полиция қызметкерлері есірткі жасырылған орындарды анықтап, тағы 11 орамды тапты. Жалпы алынған a-PVP мөлшері 63,3 граммды құрады.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Заңнамаға сәйкес, есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сақтау үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған», - делінген хабарламада.