Telegram иесі Дуров Франциядан бір жыл бойы шыға алмайды
Оның ісі сотқа кемінде бір жылдан кейін ғана беріледі

Сондықтан Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Франциядан шыға алмайды. Бұл туралы Wired журналына француз прокуратурасының өкілі Майлис де Рек хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy
Оның айтуынша, тараптар қандай да бір келісімге келеді деуге әлі ерте.
Де Рек прокуратураның Дуровқа қамауға алу туралы ордер беру туралы шешімі Telegram-ның құқық қорғау органдарының сұраныстарына жауап бермегенімен байланысты қабылданғанын айтты.
Прокуратураның пікірінше, кәсіпкердің үнсіздігі "қылмысқа сыбайлас болумен тең".
Libération басылымының мәліметіне сүйенген Wired журналының жазуынша, 2013 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта француз жандармериясы Telegram-ға жіберілген 2460 заңды сұраныстың жауапсыз қалғанын тіркеген.