06.02.2025, 07:15
Жаңалықтар
«Астанада тағы да өрт»: тұрғын үйдегі дүкен отқа оранды
Дүкен ішіндегі тұрмыстық техника жанған
Фото: istockphoto.com
Астана қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде өрт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдай Қошқарбаев даңғылындағы тұрғын үйде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, дүкен ішіндегі тұрмыстық техника жанған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған, зардап шеккендер жоқ.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сондай-ақ оқиға орнына тұрғындарды уақытша жылыту үшін арнайы вахтовкалар жіберілді.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды