$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шешенстаннан қашқан әйелге қатысты Атырау облысының полицейлері мәлімдеме жасады

Күйеуінен зорлық көрген әйелді туыстарының өтінішімен жергілікті полицейлер ұстаған

Шешенстаннан қашқан әйелге қатысты Атырау облысының полицейлері мәлімдеме жасады
Фото: видеодан кадр

Атырау облысының полицейлері 24 жастағы Ресей азаматы Эльза Солтаеваның видеоүндеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаменті хабарлауынша, тәртіп сақшылары оның Шешенстандағы туыстарынан жоғалғаны туралы хабар алғаннан кейін әйелді қамауға алған. 

«Азаматтың аты-жөні анықталып, Мақат аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Оның үйден өз еркімен шығып кеткені анықталды. Одан түсіндірме хат алынып, кейін босатылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін ресейлік құқық қорғаушы Светлана Анохина Instagram желісіндегі парақшасында Доссор ауылында ұсталған Эльза Солтаеваның құжаттарын полиция алып кеткенін жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары