05.02.2025, 02:04
Жаңалықтар
«11 адам өздігінен далаға шыққан»: Астанада тұрғын үйлерінің бірінен өрт шықты
Он бірінші қабаттағы пәтер отқа оранған
Фото: istockphoto.com
Астана қаласы, Алматы ауданы Ж.Жирентаев көшесі бойындағы он төрт қабатты тұрғын үйдің 11 қабатындағы пәтер отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 29-ға жуық адам және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 11 адам өздігінен далаға шығып үлгерген.
«ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.
Нақтыланған мәліметтер бойынша он бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде тұтанған от 25 шаршы метр аумақты шарпыған, үй заттары мен жиһаздардың жанып кеткен. Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды