$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда боди-массаж жасайтын 16 салон табылып, 30-дан астам әйел ұсталды

Әйелдер интимдік қызмет көрсеткен

Алматыда боди-массаж жасайтын 16 салон табылып, 30-дан астам әйел ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласының орталығында боди-массаж жасайтын 16 салон табылып, 30-дан астам әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алмалы ауданының тәртіп сақшыларының айтуынша, қаланың тұрғын алабында жыл басынан бері сауықтыру массажы қызметінің атын жамылып жұмыс істеген 16 жезөкшелер үйі анықталды.

«Жергілікті рейдтер нәтижесінде интимдік қызмет көрсеткен 30-дан астам әйел ұсталып, полицияға жеткізілді. Оның үшеуі – шетелдік. Сот шешімімен олар еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды. Қалған әйелдерге де әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар, жезөкшелер үйі қызметін атқарған 16 ғимараттың иелері жауапқа тартылғанын айта кету керек», - дейді Алмалы аудандық ПБ-ны қарасты полиция бөлімінің бастығы Батыржан Абдумасаров.

Спикердің айтуынша, басқа да боди-салондарды анықтау бойынша рейдтер жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары