03.02.2025, 14:05
Жаңалықтар
Қазақстанда 4,2 мыңнан астам шетелдік заңсыз такси жүргізушісі болған
Олардың арасында 150-ден астамы елден шығарылды
Фото: istockphoto.com
Прокурорлар елдегі такси компанияларын тексеріп, онда мыңдаған шетелдіктің заңсыз жұмыс істеп жүргенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ел бойынша жұмыс істейтін 400 такси компаниясында жұмыс істеуге рұқсаты жоқ 4237 шетелдік азамат болған.
«Көші-қон қызметі комитеті такси компанияларына да, елде заңсыз жұмыс істеген шетелдіктерге де қатысты тиісті шаралар қолдану мәселесін қозғайтын прокуратураның қадағалау есебін қарап жатыр», - деп хабарлады прокуратура.
Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 346 такси жүргізушісі, шетелдік жұмыс күшін тартқан 148 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нәтижесінде өзге елдің 112 азаматы қамауға алынса, 156-сы елден шығарылды.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті