03.02.2025, 13:45
Жаңалықтар
Қазақстандықтардың 237 млн теңгесін алаяқтықпен алған күдікті Бішкекте ұсталды
Ол алаяқтық әрекетін 2023 жылы жасады деген күдікке ілінді
Фото: Polisia.kz
Бішкек әуежайында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 26 жастағы Қазақстан азаматшасы ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, күдіктіні ұстау Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша жүргізілген.
26 жастағы әйел адам 2023 жылдың жазында өзге адамдармен бірге банктердің бірінің клиенттерін алдау арқылы банк қосымшасының көмегімен ақша ұрлаған.
Келтірілген шығын 237 миллион теңгеден асады.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
Бүгін, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
