$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Паспорты мен телефонын тартып алды»: Түркиядағы қазақ студентін 7 азамат ұрып кеткен (ВИДЕО)

Студенттің анасы әлеуметтік желіде жанайқайын жеткізген

«Паспорты мен телефонын тартып алды»: Түркиядағы қазақ студентін 7 азамат ұрып кеткен (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қазақстан азаматшасы Қарақат Байтұрғанова Түркияда оқып жүрген ұлын Түркияның жеті азаматы ұрып кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Менің Түркиядағы баламды 7 түрік азаматы ұрып-соғып, паспорты мен телефонын тартып алған. Осы кезде оны полиция көрген. Олардан көмек сұраған соң, олар жаңағы адамдарды қуған. Алайда ұзаған соң жайларына кеткен. Баламның арызын қалбылдамай жатыр. Екі күннен кейін Қазақстанға қайтуы керек болған», - деп жазған еді ол.

Кейін Түркиядағы қазақстандықтардың көмегімен арыз қабылданған.

«Консулдықтан да хабарласты, өз бақылауына алады. Сол жақтағы балама өздері көмектесті. Баламды ұрып жатқандағы видео да бар. Солардың барлығын алды. Құжаттары бойынша көмек береді. Елге келген соң алады», - дейді әйел. 

 

Серіктес жаңалықтары