03.02.2025, 04:05
Жаңалықтар
Қарызға белшеден батқан клиенттері көп банктер тізімі жасалды
ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2024 жылдың басында мерзімі 90 күннен асып кеткен несие сомасы 1,09 трлн теңгеге жетті
Фото: istockphoto.com
Бұл банк секторының жалпы несие портфелінің 3,05 пайызын құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алайда проблемалық несиелердің деңгейі әр банкте әртүрлі.
Мерзімі өткен несиелер үлесі ең жоғары банктер:
- «ВТБ Банк» (Қазақстан) – 10,9%
- «Нұрбанк» – 8,33%
Сондай-ақ жұмыс істемейтін несиелер (NPL) деңгейі жоғары қаржы ұйымдары:
- First Heartland Jusan Bank – 8,0%
- Bereke Bank – 6,8%
- «Еуразиялық банк» – 6,6%
- Kaspi Bank – 5,0%
- ForteBank – 2,9%
Бұл бес банктің проблемалық несиелері 627 млрд теңгеге жетіп, жалпы банк секторының NPL көлемінің 58,3 пайызын алып отыр.
Жалпы, 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қазақстандық банктердегі 90 күннен астам уақыт төленбеген несиелердің үлесі 3,3 пайызды немесе 1,1 трлн теңгені құрады – өткен аймен салыстырғанда көрсеткіш аздап өскен.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті