$ 495.28  538.32  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халықаралық іздеу жарияланған Дана Орманбаева әсерлі жазба қалдырды

Алматы қалалық полиция департаменті 2025 жылғы 25 қаңтарда қазақстандық журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жариялаған болатын

Халықаралық іздеу жарияланған Дана Орманбаева әсерлі жазба қалдырды
Фото: instagram.com/danapartner

Осыған орай блогер өзінің Facebook-тегі парақшасында соңғы оқиғаларға қатысты эмоцияға толы мәлімдеме жасады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Менің атымды тартып алу мақсатында егеуқұйрықтар сияқты шырдай жүгіргендерді байқап отырмын. Өздеріңізге мұны қалай елестетесіздер, «аты жақсы мырзалар»? Менен нені тартып алып, қандай жеңіске жеткілеріңіз келеді? Адал есімімді, бәлкім? Ол да мүмкін емес, адамның абыройы, жақсы аты сатып алынған, жалған сот шешімдерінен емес, бала күнінен жиналған адамгершіліктен тұрады.

Тағы неге құмарландыңыз? Менің өнерім мен тәжірибем қызықтырған шығар? Біздің жобаларымыз халықаралық деңгейде ұзақ уақыт бойы дамып келеді және олар бүкіл әлемге танылды.

Әрі қарай ше? Беделіме қол сұққан шығарсыз? Айрандай ұйыған отбасын ойрандап жатқандарды қолпаштап, соқырдың ісін істейтіндер бар «қоғамда» беделді болуға мен ынтызар емеспін…ал ақ пен қараны айыра алатын адамдардан тұратын ортада менің беделім жеткілікті. 

Тағы не керек? Мүмкін білімім қызық шығар? Енді оны қалай тартып алмақсыздар? Бас сүйегімді ашу арқылы ма? Сиқырға жүгінерсіз, бәлкім? Ол жағынан сіздер мықтысыздар ғой. 

Бәлкім, менің бостандығымды керек шығар... Хм. Бұл енді шынымен қызық, бірақ жан дүниесі азат адам одан да қорықпас», – деді журналист.

Қазақстандық журналист, продюсер және қоғам қайраткері Дана Орманбаеваға 2025 жылғы 25 қаңтар күні халықаралық іздеу жарияланғанын еске саламыз.

Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу басқармасы Орманбаеваға қатысты «ұлтаралық алауыздықты өршіту» фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
«Сот күдіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сондай-ақ оған халықаралық іздеу жарияланды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары