$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құтқарушылар жүк көлігімен бірге шұңқырға құлаған жүргізушіні үш күн бойы таба алмай жатыр

Шұңқырдың ені шамамен 40 метр, тереңдігі 15 метр екен

Құтқарушылар жүк көлігімен бірге шұңқырға құлаған жүргізушіні үш күн бойы таба алмай жатыр
Фото: Yu Matsuda/AP

Жапонияның Яшио қаласында құтқарушылар үшінші тәулік бойы жүк көлігімен бірге жолдағы шұңқырға құлаған 74 жастағы жүргізушіні құтқаруға тырысып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euranews-ке сілтеме жасап.

«Жүргізуші өткен сейсенбіде ені шамамен 40 метр, тереңдігі 15 метр болатын шұңқырға көлігімен бірге құлаған. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер шұңқырға арнайы пандус түсіріп, зардап шеккен адамға жетуді жоспарлап отыр. Дегенмен, шұңқырдың көлемі ұлғайып, сумен толып жатқаны жағдайды одан әрі қиындатып жатыр», — делінген хабарламада.

Кратер ескі канализация жүйесінің түйіскен жерінде пайда болған деген болжам бар. Өрт сөндіру қызметінің өкілі Йошифуми Хасигучидің айтуынша, жүргізуші құлағаннан кейін біраз уақыт құтқарушылармен байланыста болған, бірақ соңғы күндері үнсіз қалған. Құтқарушылар шұңқырға дрон ұшырғанымен, қажетті ақпарат ала алмаған.

 

Серіктес жаңалықтары