$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-та ауыр халдегі баланы тасымалдаған ұшақ тұрғын үйлерге құлады

Бортта 6 адам болған

Филадельфияда медициналық авиацияға тиесілі Learjet 55 ұшағы тұрғын үйлерге құлап, өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Fox News-ке сілтеме жасап.

Jet Rescue Air Ambulance компаниясының мәліметінше, ұшақ Норт-Ист Филадельфия әуежайынан көтерілгеннен кейін апатқа ұшыраған. Әуе көлігі Спрингфилд (Миссури штаты) қаласына қарай бағыт алған.

Бортта алты адам болған: екі ұшқыш, дәрігер, фельдшер, ауыр халдегі бала, баланың анасы.

Барлық жолаушы Мексика азаматтары екені хабарланды. Ұшақ жақында медициналық көмек алған баланы тасымалдап жатқан.

Апат Коттман-авеню мен Рузвельт бульвары аумағында болды. Ұшақ тұрғын үйлерге соғылып, бірнеше көлік өртенді. Жергілікті полиция бірнеше адамның зардап шеккенін растады.

Ұшақ ішіндегі жолаушылардың тағдыры белгісіз, алайда құтқарушылар тірі қалғандарды табу мүмкіндігі аз екенін айтты.

Компания өкілдері қаза тапқандар туралы ресми ақпаратты растаған жоқ, бірақ жолаушылардың аты-жөндері мен жастары әзірге жарияланбады.

Серіктес жаңалықтары