31.01.2025, 00:18
Жаңалықтар
Студенттердің шәкіртақысы кешігіп жатқаны хабарланды: министр жағдайды түсіндірді
Министр өз сөзінде желіде жалған ақпарат таралып жатқанын айтты
Фото: Azattyq Rýhy
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО студенттерінің стипендиясы қашан төленетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министр өз сөзінде желіде жалған ақпарат таралып жатқанын ерекше атап өтті.
«Қаңтар айының мемлекеттік стипендиясын төлеу бүгін, 30 қаңтардан басталғанын хабарлаймыз. Бүгін Оператор 77 жоғары оқу орнының студенттеріне төлем жасады. Қалған мемлекеттік шәкіртақыны төлеу ертең, 31 қаңтарда аяқталады.
Желіде шәкіртақы төлеудің кешігуі, атап айтқанда төлемдер 3 ақпаннан кейін жүзеге асырылатыны туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз», - деп жазды Саясат Нұрбек.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді